Атырау, 16 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Шенеунік қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін "пара берген"

2 074 просмотра

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов (суретте) қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 20 мың доллар ақша бергенін полицияға айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ол аса ірі көлемде жасалған алаяқтық іс бойынша жәбірленуші. Осы бап бойынша 39 жастағы Ботагөз Биекенованың соты өтіп жатыр.

Полиция Алмат Ермағамбетовтен жауап кезінде ол биыл ақпан айында үлкен қызын Назарбаев университетіне, ал ортаншы қызын Ақтөбедегі Назарбаев мектебіне түсіріп беру туралы таныс әйелден ұсыныс түскенін айтып берді. Әйел шенеунікке НЗМ директорын танитынын, ал ЖОО проректоры оның ағасы екенін айтқан делінеді. Ал өзі емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында екенін айтып уәде берген. Сондықтан ол әйелге сеніп, өз әйелінің көзінде 20 мың долларын бергенін айтқан. Шенеунік Биекеновадан қолхат та алмаған.

Биекенова болса Ерамағамбетовтан бір тиын да алмадым деп отыр. Ал шенеунік бердім дейді.

"Диапазон" басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, шенеуніктің қызы оқу орнына түсе алмағаннан кейін органдарға хабар бергенін хабарлады.

Ал ІІД өкілдері 39 жастағы Ботагөз Биекенованың ұсталғанын хабарлады. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр екен. Сондай-ақ, ІІД бұл азаматшаның алаяқтық ісінен зәбір көргендерді де іздеп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 қараша 2016, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.