Атырау, 22 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астана мен Шығыс Қазақстан облысында қатты аяздан сабақ тоқтатылды

1 781 рет қаралды

Астанада аяздың күшеюінен 18 қарашада бірінші ауысымда оқитын бастаушы сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды,- деп хабарлады Азаттық.

Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларында да қатты аяздан мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне де сабақ тоқтатылды.

Синоптиктердің ақпаратына қарағанда, Қазақстанның барлық территориясында аяз күшейді. 19-20 қарашада температура төмендеп, боран және қалың қар түсуетініне байланысты бірқатар облыста ескерту жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Алматы облысында бүгін бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен Сарыөзек - Көктал жолында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. Қарағанды облысында қатты аяз салдарынан Алматы - Екатеринбург жолында (641-1007 километрі аралығы) және Қызылорда - Павлодар жолында (974-1066 километрі аралығы) жолаушы автобустарының жүруіне шектеу енгізілді.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 қараша 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.