Атырау, 16 қазан 13:34
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Қазақстанда өңірлік БАҚ альянсы құрылады

1 849 просмотра

Фото: FacebookӨңірлік БАҚ форумы барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа Қазақстанның өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіретін ұйым құру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты "Алматы" телеарнасының бас директоры Әлібек Әлденей жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанның медиа нарығында бүгінгі таңда БАҚ-тың бірқатар қоғамдық ұйымдары бар. Олардың әрқайсысы тар мамандандырылған бағытта жұмыс істейді. Осы ретте, Қазақстанның медиа нарығының негізгі бөлігін өңірлік БАҚ құрайды, бірақ олардың мүдделерін танытып, ілгері жылжытатын ұйым жоқ. Осыған орай, бүгінгі күннің талаптарын ескере отырып, жаңа заманауи БАҚ ұйымын құруды ұсынамын", - деді Әлденей.

Министр, өз кезегінде, бұл ұсынысты толық қолдады.

"Шынында да, қазір мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша орындалатын жұмыстар контентімен алмасу қажеттілігі туындады. Бүгінгі форум қолдаса, бастауға болады", - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада өңірлік БАҚ форумы өтуде, онда қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы талқылануда.

Дереккөз: Тengrinews.kz

18 қараша 2016, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.