Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын Мәдениет

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын

Атырау әншісі Әсел ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ әлемдік музыка Олимпін бағындыру жоспарында бар. Cоңғы жарты жыл ол  үшін текке өтпеді – ол өзінің алғашқы жеке альбомы үшін материал дайындап, тіс қақты Америка жұртшылығы алдына шығатын өз имиджімен жұмыс істеді. Мұның бәрін туысқандары мен жақындарынан жырақта – Америкада жүзеге асырған. Туған қаласына азғана уақытқа келген ол біздің оқырмандарымызбен өз жетістіктерін бөлісуге асықты.  19 қаңтар 2011, 00:00 3 839 просмотра
Мүгедектің мұңы қашан сейілер? Қоғам

Мүгедектің мұңы қашан сейілер?

«АЖ» поштасына индерлік, бірінші топтағы мүгедек Қабес Қапаров жан айқайын былайша жеткізді. ‑ Мен «АЖ» газетіндегі «Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Ондағы жатақхана тұрғындарының қаржы жетпестігіне байланысты ауылдарға еріксіз көшірілгені турасында оқып, жаным жараланды. Өйткені мен де аудан әкімінің құр уәдесіне алданып қалған болатынмын. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 756 просмотра
Басқа жаңалықтар

Нысандарды тіркеу «жыры» бітер емес

Бүгінгі күні мемлекет меншігіндегі газ және электр нысандарының 90 пайызы мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Олар үшін техникалық құжаттамаларды дайындау өткен жылдың аяғында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, дүйсенбі күні болған облыстық әкімдіктегі мәжілісте бұл мерзімнің кейінге қалдырылғандығы белгілі болды. 13 қаңтар 2011, 00:00 3 287 просмотра
Басқа жаңалықтар

Шұбар тауық бағасы қымбаттады

Соңғы жарты жыл ішінде қоспа жемнің бағасы Атырауда 10 есеге қымбаттап кеткен. Фермерлер қоспа жем алғаш премьер-министр Кәрім Мәсімов  егіннің шықпай қалғандығын айтқаннан кейін қымбаттай бастады деп есептейді. 13 қаңтар 2011, 00:00 6 395 просмотра
Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі  Қоғам

Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі

Жыл сайын  Атыраудағы қалалық  орта мектептерді ондаған   жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөсіпірімдер бітіріп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте жетімдердің өмір жолы маңдайға жазылғандай анық, яғни балалар үйі, одан соң оларды тездеп орта білім беретін кәсіби колледждер мен лицейлерге орналастырып жіберуге тырысады, кейбірі жоғары оқу орындарына түсіп жатады.  Әне-міне дегенше жастар ер етіп, 23 –ке келеді. Шынын айтқанда қорғансыз балалар үшін бұл сан құлаққа жазадай естілуі мүмкін. Өйткені, осы жасқа дейін ғана олар мемлекеттен бөлінетін пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейін олар ешкімге керек емес... 13 қаңтар 2011, 00:00 12 473 просмотра
Қоғам

Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр

Бұл жайлы редакцияға Сәтбаев көшесі, №5 үйдің 9-подъезд тұрғындары атынан хабарласқан 74 жастағы Шархат УЗБАЕВА  әжей  мәлімдеді. Олар пәтерлеріне келіп тұрған суды екі ай бойына  пайдалана алмай отырған көрінеді. Оның айтуынша, краннан аққан су да, кранның өзі де қол ұстатпайды, ток тартады. 13 қаңтар 2011, 00:00 3 929 просмотра
Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді? Қоғам

Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді?

Жақында редакциямызға бүкіл қаланың маршруттарының кассирлері мен көлік жүргізушілері атынан келіп тұрмын деп Гуля Сұлтанғалиева есімді әйел келді. Ол қаладағы жолаушылар көлігінде кассир болып жұмыс істейді екен. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 520 просмотра
Ақша құнсызданып, баға шарықтап барады Экономика

Ақша құнсызданып, баға шарықтап барады

Өткен жыл біздің көпшілігіміз үшін бағаның көтерілуімен есте қалды. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақылары 30 пайызға көтеріледі деп уәде етілген қарсаңда ең маңызды азық-түліктердің бағасы биліктің үнсіз келісімімен көз алдымызда өсуін жалғастыруда. Бағалар болса көтеріліп кетті, ал жалақыға үстеме тек шілдеде ғана қосылмақ. 13 қаңтар 2011, 00:00 6 684 просмотра
ҚАСҚЫРЛАР ҚҰТЫРЫП ТҰР Басқа жаңалықтар

ҚАСҚЫРЛАР ҚҰТЫРЫП ТҰР

Қоянның қысы бірқалыпты. Қар жаумай, қарасуықтың белең алуы шаруа баққан адамдарды қатты састыруда. Өйткені малға бұл қолайлы емес. Тек көңіл жұбатарлығы, малдың әлі күнге далаға жайылуы. Десек те қасекеңдер соңғы кезде құтырып тұр. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 517 просмотра
Экономика

Әкім әкімдерді салғырттық үшін сынады

Дүйсенбі күні өткен мәжілісте облыс әкімі  Бергей РЫСҚАЛИЕВ өз қол астындағыларын ынжықтықтары үшін  кінәлады.  Жобалар үшін қаржыны  бөлу жұмыстарымен басқа аймақтарда аудан әкімдері айналысып жатқанда Астанада  оның өзінің титықтауына тура келеді екен. Ол сондай-ақ, биылғы жылы құрылыс және ауылшаруашылығы салаларын қаржыландыру көлемі артқандығын мәлімдеді. Селоларды дамытуға 4 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінетін болады. 12 қаңтар 2011, 00:00 3 067 просмотра
Қоғам

Балқұдықтықтар үшін Кедендік Одақ мазақ пен азап болғаны ма?

Бәлкім Кедендік одақтың  (КО) біз әзірге сезіне қоймаған көптеген жақсы жақтары болар. Алайда, Құрманғазы ауданы, Балқұдық селосы тұрғындарының енді неге екені белгісіз Қазақстан-Ресей шекарасынан өту мүмкіндігі жоқ.  12 қаңтар 2011, 00:00 4 736 просмотра
ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ Қоғам

ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ

Бір топ атыраулық ардагер геолог-барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсімов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгізуді талап етті. Геологтар бұл талаптарын бұған дейін де бірталай лауазымды тұлғаларға жолдаған екен. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 491 просмотра
Басқа жаңалықтар

Трамадол тек рецептімен сатылады

Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау департаментінің мамандары есірткілік анальгетик - трамадолдың еркін сатылуына қатысты бірқатар дәріханаларға тексеру жүргізді. 12 қаңтар 2011, 00:00 4 127 просмотра
Дін туралы зайырлы қадам Қоғам

Дін туралы зайырлы қадам

Таяуда мектеп бағдарламасында жаңа дінтану пәні пайда болмақ. Ата-аналардың көбі балаларына не нәрсе оқытады екен деп елеңдеп қалды. Жаңа пән қалыптаспаған жасөспірімнің түйсігіне әсер етіп жүрмей ме деген қауіптері бар. Осындай сұрақты осы мәселемен айналысатын барлық инстанцияларға қойған едік. 12 қаңтар 2011, 00:00 8 012 просмотра
Басқа жаңалықтар

Учаскелік дәрігерлер үшін сыйақы қоры құрылды

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан учаскелік қызмет үшін сыйақы қорын құрды. Жақсы көрсеткіштер көрсеткен жағдайда учаскелік дәрігерлер тоқсан сайын сыйақы алып тұрмақ. 12 қаңтар 2011, 00:00 3 982 просмотра