Атырау, 24 қараша 12:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Айыптаулар негізсіз»: Әкім Ринат Ибрагимов бұрынғы жұбайына жауап берді

1 076 просмотра
gov.kz 

Әлеуметтік желіде Мақат ауданы әкімі Ринат ИБРАГИМОВ бұрынғы жұбайының айыптауларымен келіспейтінін мәлімдеді. 


"Бүгінгі әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайымның видеоүндеуіне қатысты төмендегідей түсінік бергім келеді. Бұрынғы зайыбымның менің атыма таққан негізсіз айыптаулармен жалған ақпараттары БАҚ-та кеңнен тарап отыр. Ол әртүрлі әлеуметтік желілерде тараған соңғы оқиғаларға байланысты менің лауазымды тұлға екенімді біле отыра осындай мәлімдемелер жасап жатқан сияқты. Біздің ортақ балаларымыз - 2 қызым менімен бірге тұрады. Олар махаббат пен сүйіспеншілікте өмір сүруде. Мұндай шешім қыздарымның қалауы бойынша қабылданып, бұдан басқа бұл туралы соттың заңды шешімі шыққандығын хабарлаймын". 

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты мынадай түсініктеме берді.

«Азаматша А.Үмбетқалиева бұдан бұрын Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Анықталған мән-жайларға байланысты қызметтік тергеу тағайындалды».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 мамыр, 02:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.