Атырау, 5 желтоқсан 07:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұнайды шетке шығару екі есе қымбатсыды

3 548 рет қаралды

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан үкіметі шикі мұнайды шетке әкету үшін кедендік баж салығын тоннасына 20-дан 40 долларға дейін көтерді.

Астанадағы баспасөз конференциясында Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард ХОУГЛАНД Құрама Штаттар үкіметі мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісім-шарттарды қайта қарауға қатысты өз алаңдаушылығын білдіретіндігін мәлімдеді. «Осы сұрақтарды келіссөздер жасау арқылы шешу керек, ол үшін қомақты ақша табатын халықаралық дәрежедегі заңгерлер бар», - деді дипломат.

Елімізде қазіргі кезде АҚШ-тың екі ірі мұнай компаниялары - «Шеврон» мен «Эксон-Мобил» жұмыс істейді. Егер «Эксон-Мобил» Қашағандағы мұнайды тек 2013 жылы өндіре бастайтын болса, «Теңізшевройл» 2010 жылы 22 миллион тонна мұнай өндірген еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.