Атырау, 25 қараша 21:23
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкім әкімдерді салғырттық үшін сынады

3 213 просмотра

Дүйсенбі күні өткен мәжілісте облыс әкімі  Бергей РЫСҚАЛИЕВ өз қол астындағыларын ынжықтықтары үшін  кінәлады.  Жобалар үшін қаржыны  бөлу жұмыстарымен басқа аймақтарда аудан әкімдері айналысып жатқанда Астанада  оның өзінің титықтауына тура келеді екен. Ол сондай-ақ, биылғы жылы құрылыс және ауылшаруашылығы салаларын қаржыландыру көлемі артқандығын мәлімдеді. Селоларды дамытуға 4 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінетін болады.

Өткен жылдың бюджетін облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА қорытындылады. Жалпы бюджеттегі 53,1 млрд. теңгенің 28 миллиардын жергілікті бюджет үлесі құрады. Игерілмей қалған қаржы 9,5 млрд. теңгені құрады. Облыстық әкімдікте бұл қаржылардың аудандық әкімдіктер сұратқандығы және олар тендерлерді өткізу мерзімдерінің кешіктірілуінен игерілмей қалғандығы анықталды. Енді ол қалған қаржы осы жылға өтеді, жобалар да қалдырылатын болады.

Облыстық қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВ2010 жылдың бюджетіне барынша егжей-тегжейлі тоқталып өтті.  Ол бюджеттің кіріс бөлігі өткен жылы 101,6% құрағандығын хабарлады. Жоспар мына түсімдер бойынша артығымен орындалды:  ТШО пайда салығы және қоршаған ортаға эмиссия төлемдері ретінде 2 млрд. теңге, 1,9 млрд. теңгені Аджип ККО әлеуметтік салық есебінде төледі. Тағы да 229 млн. теңге бюджетке «Атырау-Ақпарат» ғимаратын сатқаннан кейін түсті. Жылыой ауданы (1млн. теңгеге жетпей қалды) мен Атырау қаласында (272 млн. теңге) бюджет түсімдері бойынша жоспар орындалған жоқ.    

Бюджеттің шығыс бөлігі өткен жылы 135 млрд. теңге мөлшеріне жоспарланған болатын, оның 99,9% игерілді. Энергетика, құрылыс және ауылшаруашылық басқармаларында қаржылар игерілмей қалды. Мақат ауданында су құбырлары желісінің құрылысына республикалық трансферт бойынша  бөлінген 21 млн. теңге және мектептерді пайдалануға беруге бөлінген 15 млн. теңгеден астам қаржы игерілмей қалды.  

А.Әжіғалиева жаңа және құрылысы жалғасатын нысандар құрылысына 2011 жылы 31 млрд. теңге бөлінгендігін хабарлады. Оның ішінде ең көп қаржы (1 млрд. теңге және одан да артық) Қызылқоға, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарына бөлінген. Атырау қаласындағы жобаларға 12 млрд. теңге бөлінді. Құрылысқа-3,2 млрд. теңге, автокөлік жолдары мен жолаушылар көлігіне-8 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді.

Осы жылдың бюджеті бойынша нақты ақпаратты облыс әкімінің есебі тыңдалған кезде берілетіндігін уәде етті.  Ол ақпан айының 12-де өткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұған дейін аудан әкімдерінің барлығы өз тұрғындары алдында есеп беріп болуға тиісті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.