2024 жылы 17 мамырда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасының м.а. Асхат Хасенов Sinopec Overseas Investment Holding Limited (Sinopec) компаниясының президенті Зоу Венджимен және «Сибур» ЖШҚ жобалау, күрделі инвестициялар және инвестициялық жобалар мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Борис Лиммен кездесу өткізді.
Тараптар Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасының жүзеге асу барысын талқылады.
«Жоба Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды, өйткені оның құрылысы елімізде көмірсутек шикізатын терең өңдеуді дамытуға мүмкіндік береді. Белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді, алда бізді құрылыс кезеңі мен зауытты іске қосу үшін әлі де қарқынды жұмыс күтіп тұр», - деп атап өтті А. Хасенов.
2024 жылдың сәуір айында үшжақты хаттамаға қол қойылды, құжат Sinopec-тің жоба қатысушыларының құрамына кіруін ресми түрде қорытындылады. Жоба үлескерлерінің құрылымы келесідей: ҚазМұнайГаз – 40%, Sinopec – 30%, Сибур – 30%.
Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың жобалық қуаты — жылына 1,25 млн тонна. Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады.