Атырау, 23 желтоқсан 00:32
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шұбар тауық бағасы қымбаттады

6 606 просмотра

Соңғы жарты жыл ішінде қоспа жемнің бағасы Атырауда 10 есеге қымбаттап кеткен. Фермерлер қоспа жем алғаш премьер-министр Кәрім Мәсімов  егіннің шықпай қалғандығын айтқаннан кейін қымбаттай бастады деп есептейді.

Фермер Махмуд ҚАБДРАХМАНОВТЫҢ айтуынша, бүгінде «Дина» базарында бір қапшық мал азығының дәні 2300 теңге, кебек – 1000 теңге, қоспа жем – 2500 теңге, мал азығы қоспасы – 2000 теңге тұрады.

Мәселен, қоспа жемнің бір қапшығы өткен жылдың шілдесінде 250 теңге болды. К.Мәсімовтің Батыс Қазақстанда өнім шықпай қалады деп жорамалданып отырғандығы, сол жерге дәнді тасымалдауға тура келетіндігі туралы Ақтауда сөйлеген сөзінен кейін  келесі күні 22 шілдеде қоспа жем 2 есеге қымбаттады. 

Содан кейін мал азығының барлық түрінің бағасы орташа алғанда ай сайын 400-500 теңгеге өскен, жаңа жылда бүгінгі деңгейге жеткен. Көктемге дейін тауық басын сақтап қалу үшін фермер Қабдрахманов Колхоз базарында әтештерді 1500 теңгеден, күрік тауықты 2000-2500 теңгеден сатады. Сонда бір шұбар тауықтың бағасы қазір бір қапшық жемнің бағасымен тең болып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.