Атырау, 23 желтоқсан 00:22
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жарық қайта қымбаттады

4 859 просмотра

Жаңа  жылдан бастап электр энергиясының тарифі халық үшін 8 пайызға, заңды тұлғалар үшін 9,7 пайызға көтерілді.

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі департаменті директорының орынбасары Райхан МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Атырау Энергосату» ЖШС төмендегідей мөлшерде электр энергиясының бағасын бекітті: халық үшін – 4,82 теңге/кВтч (ҚҚС қосқанда 5,34 теңге), заңды тұлғалар үшін – 15,47 теңге/кВтч (ҚҚС қосқанда 17,33), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу үшін – 11,85 теңге/кВтч (ҚҚС қосқанда 13,27).

«Атырау Энергосату» ЖШС тарифтеріне сәйкес, Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі департаменті жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясының мынадай дифференциалдық тарифтерін мақұлдады:

Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғалар үшін (тұтыну мөлшері – 1 адамға 110 кВт):

Төменгі тариф – 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 4,21 теңге (ҚҚС-мен бірге 4,72);

Жоғарғы тариф – 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 5,78 теңге (ҚҚС-мен бірге 6,47 теңге)

Электр плиталарын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін (тұтыну мөлшері – 1 адамға 90 кВт):

Төменгі тариф – 1 кВт/сағ. үшін 4,58 теңге (ҚҚС-мен бірге 5,13 теңге);

Жоғарғы тариф – 1 кВт/сағ. үшін ҚҚС-сыз 5,78 теңге (ҚҚС-мен бірге 6,47 теңге).

Сондай-ақ, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәулік аймағы бойынша төмендегідей дифференциалдық тарифтер келісілді:

Жеке тұлғалар үшін (ҚҚС-сыз):

сағат7.00-ден 23.00-ге дейін– 6,2731 теңге/кВтсағ.;

сағат23.00-ден7.00-ге дейін– 1,4527 теңге/кВтсағ.

Заңды тұлғалар үшін(ҚҚС-сыз):

сағат7.00-ден19.00-ге дейін– 15,47 теңге/кВтсағ.;

сағат19.00-ден23.00-ге дейін– 32,8837 теңге/кВтсағ.;

сағат23.00-ден 7.00-ге дейін– 4,6627 теңге/кВтсағ.

2011 жылдың 1қаңтарынан бастап монополияға қарсы департаменттұтынушылардың үшінші тобын – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды бөліп берді. Олар үшін тәулік аймағы бойынша тарифтер мынадай:

сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін – 11,85 теңге/кВтсағ.

сағат19.00-ден23.00-ге дейін– 25,1889 теңге/кВтсағ.

сағат23.00-ден7.00-ге дейін– 3,5716 теңге/кВтсағ.

«Халықтың таңдауы бар – электр энергиясының дифференциалдық тарифін тәулік аймағы бойынша немесе тұтыну көлемі бойынша қолдана алады, - дейді Р.Мизамғалиева. – Егер жеке тұлға тәулік аймағы бойынша дифференциалдық тарифке көшетін болса, онда алдымен, көптарифті дербес есептегіш сатып алу керек, ол тәулік уақыты бойынша электр энергиясын тұтынуды тіркейтін болады.

Содан кейін энергиямен қамтушы мекемеге, яғни, «Атырау Энергосату» ЖШС-не тәулік аймағы бойынша дифференциалдық тарифтерге көшетіндігі туралы арыз беру керек. Бір уақытта тәулік аймағы бойынша дифференциалды тариф пен тұтыну көлемі бойынша дифференциалды тарифті қатар қолдануға болмайды. Тұтынушы мұның біреуін таңдауы тиіс. Алайда көпшілік үшін, менің пікірімше, тұтыну көлемі бойынша дифференциалдық тариф тәулік аймағы бойынша төленетін тарифтен тиімдірек секілді».

Егер біз тұтыну көлемі бойынша дифференциалдық тарифті таңдайтын болсақ, онда электр плиталары жоқтарға бір адамға лимит 90 кВт құрайды. Мәселен, егер сіз 90 емес, 100 кВт тұтынған болсаңыз, былай есептеледі: 90 кВтты төменгі тариф бойынша төлейтін боласыз – бұл 5,13 теңге, ал қалған 10 кВт/сағ. жоғарғы тариф бойынша төленеді – бұл 6,47 теңге.

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі департаментінің мәліметтері бойынша, «Атырау Энергосату» ЖШС-нің электр энергиясының бағасын көтеру себептері мынадай: электр энергиясын өндірушілердің («АЖЭО» АҚ) сатып алу құнын 1 кВт/сағ. үшін 5,4-тен 5,9 теңгеге дейін көтеруі; ресейлік электр энергиясының («Интер РАО Центральная Азия» ЖШС) сатып алу құнын 10,1-ден 11,6 теңге/кВтсағ-қа дейін көтеруі; желілер («KEGOC» АҚ) бойынша электр энергиясын тасымалдау қызметтері тарифінің 0,7780-ден 0,94 теңге/кВтсағ-қа дейін өсуі; импортталатын электр энергиясын диспетчерлеу қызметі («KEGOC» АҚ) тарифінің 0,102-ден 0,113 теңге/кВтсағ-қа дейін өсуі; электр энергиясын тұтынуды баланстауды ұйымдастыру қызметтері тарифінің 0,018-ден 0,032 теңге/кВтсағ-қа дейін өсуі.

Электр энергиясы тарифінің соңғы рет көтерілуі 2010 жылдың 1 қаңтарында орын алған еді: халық үшін 4,46 теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз), заңды тұлғалар үшін – 14,10 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) болатын.

Жаңа жылдан бастап электр энергиясының тарифтері бүкіл ел бойынша шамамен 12,5-14 пайызға дейін көтерілгенін айта кеткен жөн. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Нұрлан АЛДАБЕРГЕНОВ хабарлады.Оның айтуынша, бұған себеп – модернизациялау үшін инвестициялық міндеттемелерді қабылдауға байланысты электр энергетикасы секторындағы тарифтердің көтерілуі боп табылады екен.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

13 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.