Атырау, 17 мамыр 09:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Оқиға

​Оқиғалар хроникасы Оқиға

​Оқиғалар хроникасы

Полицияға 38 жастағы әйел шағымданды: 2011 жылдың маусымында ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде берген Ақжар поселкесінің тұрғынына 30 мың доллар берген. Содан бері ол әйелді таба алмай келеді. Алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге іздеу жарияланды. 15 наурыз 2017, 11:24 2 949 просмотра
​Әкім кінәсін мойындады Оқиға

​Әкім кінәсін мойындады

Исатай аудандық соты Исатай ауданының бұрынғы әкімі мен аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-тармағының («Айтарлықтай мөлшерде пара беру») және 189-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы («Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу») бойынша қозғалған қылмыстық істі қайта қарады.   9 наурыз 2017, 18:07 4 879 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Махамбет ауылында 10 ақпанда жергілікті тұрғынның үйінен «ИЖ-27» аңшы қаруы мен 150 патрон ұрланған. Көп кешікпей полиция бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы Е. есімді күдіктіні қолға түсірді. Заттай айғақтар алынды. 291-баптың 1-тармағы («Атыс қаруын жымқыру») мен 188-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы («Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Махамбет аудандық соты Е.-ні екі айға қамауға алуға санкция берді. Тергеу жүргізілуде.  23 ақпан 2017, 00:00 3 314 просмотра
Балық аула, браконьер! Оқиға

Балық аула, браконьер!

18 ақпанда Атырау облысында «Тоқта, браконьер!» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Ол бір айға созылды. Бәлкім, қорытындысы бойынша құқыққорғау органдары жақсы есеп беретін шығар, бірақ «АЖ» редакциясына жолданған мына жақында түсірілген бейнежазба анағұрлым көңілге қонымды көрінеді. Бейнежазба 20 ақпан 2017, 14:51 2 995 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 19 жастағы жігіт жүгінді: 13 ақпанға қараған түні «Алмагүл» қонақ үйінің жанына қойылған оның «Лада» ВАЗ-2114 көлігін Атырау тұрғыны - 20 жастағы қыз ұрлап айдап кеткен. Көлік кешікпей табылды, алайда, жігіт арызын қайта алудан бас тартты. ҚР ҚК-нің 200-бабы («Айдап кету») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлікті айдап кеткен қыз басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 16 ақпан 2017, 00:00 1 998 просмотра
Өліммен ойнауға болмайды Оқиға

Өліммен ойнауға болмайды

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін қауіпті ойындар пайда болғалы бері елден маза қашты. Сондай ойындардың бірі туралы интернет пайдаланушы инстаграммда былай деп жазады: «Бұл суицидшілерге арналған. 50 күннің ішінде әр түрлі тапсырмаларды (жайсыз) орындайсың, сосын соңында өзіңді өлтіресің. Жеңіске жету деген осы. Егер жеңбей жатсаң, саған көмектеседі».  14 ақпан 2017, 16:10 4 640 просмотра
 Балабақша алдында көлік өртеніп кетті Оқиға

Балабақша алдында көлік өртеніп кетті

Бүгін таңертең «Мирас» балабақшасының (Нұрсая) көлік тұрағында көлік өртенді. Сағат 8.40-та Атырау облыстық  ТЖД-не Тойота Прадо көлігінің өртеніп жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру бригадасы жетті. ТЖД мәліметтері бойынша сағат 09.22-де өрт сөндірілді. Сурет Бейнежазба 9 ақпан 2017, 16:59 3 944 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

 Қаңтардың 24-де Қазақстан-Ресей шекарасында «Құрманғазы авто» өткізу қосынының жасағы Қазақстанға контрабандалық жолмен 110 бөтелке «Белуга» арағы мен «Алаз» шарабының 10 бөтелкесін өткізуге әрекеттенген Астраханда тұратын 35 жастағы бортты «Газель» жүргізушісін ұстады. Заң бұзушы әрі қарай жағдайды анықтау үшін Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.  2 ақпан 2017, 00:00 2 473 просмотра