Атырау, 10 мамыр 17:08
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Оқиғалар хроникасы

2 946 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік соты «Дина» базарында кітап сататын бутик қожайынына 79 415 теңге көлемінде айыппұл салып, лицензияның қолданыс мерзімін үш айға тоқтатты. Сотта азамат Т.-ның араб тіліндегі электронды түрдегі діни кітаптарды сатқандығы анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы (ҚР заңнамасында белгіленген діни әдебиетті таратуға қойылатын талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

*****

Полицияға 38 жастағы әйел шағымданды: 2011 жылдың маусымында ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде берген Ақжар поселкесінің тұрғынына 30 мың доллар берген. Содан бері ол әйелді таба алмай келеді. Алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге іздеу жарияланды.

*****

Қалалық №1 полиция бөліміне (Балықшы) Тасқала поселкесінің 21 жастағы тұрғыны шағымданды: 9 наурызда сағат 22-де ол асүйдегі терезе ойығынан ішке кіруге тырысқан ер адамның сұлбасын көрген. Полицейлердің күшімен үш күдікті – жергілікті тұрғындар анықталды. Олар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

*****

Бұрын сотталған 34 жастағы Құлсары тұрғыны 10 наурызда ЗИЛ көлігінің қосалқы бөлшектерін ұрлады деп күдіктелуде. Заттай айғақтар алынды.

*****

Қалалық криминалды полиция 2 наурызда Атырау-Дамбы жолының жиегінде тұрған «Мерседес Бенц» көлігі жүргізушісінің заттарын ұрлады деп күдіктелген 24 жастағы Балықшы тұрғынын ұстады. Қаскөй көлік есігінің әйнегін сындырып, ұрлық жасаған.

*****

Полиция Связистов көшесінің бойындағы көлікжайды бұзып кіріп, бақша құрал-саймандарын ұрлады деп күдіктелген Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл азамат Ардагер ықшамауданындағы жеке үйден «Тойота» есіктерінің кілті мен қаракүзен бөрікті ұрлады деп күдіктелуде.

*****

Наурыздың 14-де АМУ маңындағы жағалауда қамыс қопасы өртенді. Өрт сөндірушілер келген кезде өртенген алаң 700 шаршы метрдей жерді құрады. ТЖД диспетчерлік  қызметіндегілер өрттің дабыл түскеннен кейін жарты сағаттан соң ауыздықталғанын хабарлады. Өрттің тұтануына кінәлілер табылмады, оның тасталған темекі тұқылынан жануы мүмкін.

15 наурыз 2017, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.