Атырау, 24 сәуір 18:29
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Гараж тонаумен айналысқан ұрылар

2 259 просмотра

Криминалды полиция қызметкерлері Атырауда 10 рет ұрлық жасаған ұрылардың екі тобын ұстады.

Екі топ та үш адамнан құралған. Бірінші топтың мүшелері 28-29 жастағы жас жігіттер, әлденеше рет сотталған. Оларға гараждарды бұзып ашып, ұрлық жасаудың (қосалқы бөлшектерді ұрлау) үш оқиғасы мен ашық қалған желкөз арқылы пәтерге кіріп, теледидар ұрлаудың бір оқиғасы бойынша айып тағылып отыр. Топтың екі қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, біреуі басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, екінші топтың қатысушылары 30-31 жастағы адамдар, екеуі бұрын сотталған. Олар да көлікжайдан қосалқы бөлшектер ұрлап, алты ұрлық жасаған. Үшеуі де мойындау жауабын беріп, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 ақпан 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.