Атырау, 25 сәуір 19:51
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Прокурорлық алаяқтық

2 610 просмотра


№2 Атырау қалалық соты Атырау қалалық прокуратурасының қызметкері К.А-ны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Қалалық прокуратура қызметкері 6 ақпанда ұсталды. Оның алдау арқылы Атырау қаласының екі тұрғынының ақшасын иемденгені анықталды. Содан кейін олар облыстық прокуратураға шағымданған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағының 1, 2-ші тармақшалары («Ірі мөлшерде мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам жасаған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 ақпан 2017, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.