Атырау, 23 сәуір 12:43
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Балық аула, браконьер!

Бейнежазба
2 987 просмотра
Бейнежазба скриншоты

18 ақпанда Атырау облысында «Тоқта, браконьер!» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Ол бір айға созылды. Бәлкім, қорытындысы бойынша құқыққорғау органдары жақсы есеп беретін шығар, бірақ «АЖ» редакциясына жолданған мына жақында түсірілген бейнежазба анағұрлым көңілге қонымды көрінеді.

Мұнда өтіп бара жатқан көліктен тыйым салынған жерден тыйым салынған аулау құралымен балық аулап жатқан жүздеген браконьер түсірілген. Кадр сыртындағы дауыс былай дейді: «Біз теңізден, Приморский каналынан балық аулап келеміз. Дамбыдағы Құрманғазыда не болып жатқанын қараңыздар. Мұзда адамдар мен көліктер көп шоғырланғандықтан, бұл жерден өту мүмкін емес. Нағыз кептеліс. Бұл жерден мөңке балығы, сазан ауланады, соңғы кездері жайын түсетін болған. Міне, қараңыз, сазан ұстап алған жігіт келе жатыр».

Көлік келе жатқан жол бойындағы мұз бетінде браконьерлер саптай тізілген. Жұлқып тартқан әрекеттерінен, олардың балықты зікірге байланған үшкір шегелермен (живодерка) аулайтынын білуге болады.

«Ал біз теңізден келе жатырмыз, ха-ха, – деп әңгімеге басқа браконьер араласады. – Екі қортпа мен бір уылдырықтысын ұстадық (көліктегілердің бәрі күлді). Бәрі жақсы болды – балық сорпасын іштік, сазанды қуырып жедік».


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 ақпан 2017, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.