Атырау, 26 сәуір 12:57
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

2 464 просмотра

Қаңтардың 24-де Қазақстан-Ресей шекарасында «Құрманғазы авто» өткізу қосынының жасағы Қазақстанға контрабандалық жолмен 110 бөтелке «Белуга» арағы мен «Алаз» шарабының 10 бөтелкесін өткізуге әрекеттенген Астраханда тұратын 35 жастағы бортты «Газель» жүргізушісін ұстады. Заң бұзушы әрі қарай жағдайды анықтау үшін Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

***

Қаңтардың 29-да тал түсте Канцев көшесінде жол полицейлері «Тойота Камри» көлігін тоқтатты. Оның 33 жастағы жүргізушісі алкогольдік масаң күйде болған. 2015 жылдың наурызында ол осындай заң бұзушылық үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. ҚР ҚК-нің 346-бабы («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Жылыой ауданының полициясы өткен жылдың қыркүйегінде шаруа қожалықтарының бірінен 20 профлист ұрлады деп күдіктелген адамды анықтады. Ол Құлсарының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған іздеу жарияланды.

***

Атырау қалалық криминалдық полициясы 20 жастағы қыздың әмиянын ұрлады деп күдіктелген СМП-163 ықшамауданының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласында полиция 27 қаңтарда үйлердің бірінің ауласында тұрған «Газель» көлігінің қозғалтқышын ұрлады деп күдіктелген 43, 40 және 30 жастағы үш ер адамды ұстады.

2 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.