Атырау, 26 сәуір 20:17
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

2 882 просмотра

Полицияға 43 жастағы Атырау тұрғынының алаяқтық әрекетіне қатысты екі шағым түсті. Екі жағдайда да ол зардап шегушілерге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, ақшасын алып, ғайып болған. 2013 жылдың ақпанында 5 мың долларға және 1,4 млн теңгеге «байып», сол жылдың қазанында 1 млн 595 мың теңге «табыс тапқан». Тергеу жүргізілуде.

Полицияға 31 жастағы әйел жүгінді: 6 наурызға қараған түні ол танысының пәтеріне түнеп, сол жерде телефоны жоғалған. 32 жастағы ер адамға іздеу жарияланды.

Полицияға 34 жастағы Атырау тұрғыны шағымданды: 6 наурызға қараған түні оның «Тойоты Королла» көлігінің салонынан құны 70 мың теңге тұратын телефоны жоғалған. Ұрлық жасады деп жолаушы әйел күдіктеліп отыр.

Наурыздың 6-на қараған түні жалпы ұзындығы 120 метр болатын екі кабельді ұрлады деп Құлсары қаласының 34 жастағы тұрғыны күдіктелуде. Оның тұратын жерінен заттай айғақтар алынды.

Қызылқоға ауданының полициясына 39 жастағы миялылық шағымданды: өткен жылдың желтоқсанында ол өз үйін салу үшін ер адамды жалдап, 162 мың теңге аванс төлеген. Бірақ ол ақыры жұмысына келмепті. Енді оған іздеу жарияланды.

8 наурыз 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.