Атырау, 7 мамыр 01:34
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Майкаинзолото» АҚ кенішінде ондаған кемшілік анықталды

554 просмотра

Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтауы бойынша азаматтардың бірнеше мәрте өтініштері негізінде «Майкаинзолото» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында Майқайың жер асты кеніші, Майқайың байыту фабрикасы, қалдық қоймасы тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 33 бұзушылық анықталып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 298-бабы 1-бөлігі бойынша 2 әкімшілік айыппұл салынды.

Жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен жиналыс өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Бұдан басқа, «Майкаинзолото» АҚ және «РЦШ ПВАСС» ЖШС басшылығымен іздестіру жұмыстарын одан әрі жүргізуге қатысты мәселелер қаралды.


26 сәуір, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.