Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қызылқоға ауданында ауылдық округтердің әкімдері сайланды

675 просмотра

2024 жылғы 5 мамырда  Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл   ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауы өтті. 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы   9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:     

Жангелдин ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 965 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 571. Жарамсыз бюллетеньдер саны 1, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  6. 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:  

Ғ.М.Қанатқа - 381   

Б.К.Қазиевқа - 118  

А.Д.Дәрібаевқа  - 65. 

Жангелдин ауылдық округінің әкімі болып Қанат Ғайса Мақсотұлы сайланды. 1968 жылы туған, Қызылқоға ауданы, білім  бөлімінің «Миялы орта мектебі» КММ директоры, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат. 

Миялы ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4772 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны – 2754. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны –42. 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: 

А.О.Бағдаровқа – 2002

К.Н.Бисенбаевқа –  694.

Миялы ауылдық округінің әкімі болып Бағдаров Аманкелді Оразбайұлы сайланды. 1981 жылы туған, «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат.

Тасшағыл ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1043 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны – 751. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны – 9. 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: 

 Г.Н.Ізімоваға – 543  

Р.Е.Қуановқа – 158 

Р.Б.Сүйіновке – 39. 

Тасшағыл ауылдық округінің әкімі болып Ізімова Гулшара Нәдірқызы сайланды, 1971 жылы туған, «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 мамыр, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.