Атырау, 7 мамыр 02:23
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін аурулардың тізбесін бекітті

577 просмотра

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Тізбеге саусақ ізінен өтуге болмайтын аурулардың 53 түрі енгізілген.

Мысалы, бұған терінің гипертрофиялық өзгерістері, келоидты тыртықтар, сызықтық склеродерма, васкулит, ревматоидтық артрит және басқалары сияқты дерматологиялық патологиялардың кейбір түрлері кіреді.

Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саусақ іздері биометриялық паспорттар мен жеке куәліктердің чипіне енгізіледі.

Дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өте алады.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.

26 сәуір, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.