Атырау, 27 қараша 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сәби балабақшадан шығып, өзенге кеткен

Толықтырылды
4 091 просмотра


Жеке балабақшадан қашып кеткен 4 жасар сәби ажалдан аман қалды. Оны жол-жөнекей өтіп бара жатқан жүргінші құтқарып алды.

- Кеше, 9 наурызда сағат 19.22-де шипажай маңындағы жағалаудың бойынан сәбидің табылғаны туралы қоңырау түсті. Ол бір аяғы жағада, бір аяғын суға салып тұр екен. Оны жағаға белгісіз ер адам шығарып алып, бірден полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалған. 2012 жылғы бала ауруханаға жеткізіліп, сол жерден ата-анасы келіп алып кетті, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Оқиғаға байланысты қызықты факт анықталды. Қалалық білім  бөлімінде сәби қашып кеткен «Наследник» деген жеке балабақша туралы ешқандай мәлімет жоқ болып шықты. Сөйтсе ол тіпті, ресми тіркелмеген де екен. Қазір осы факті бойынша қалалық білім бөлімінде тексеру жүргізілуде. Ал ІІД осыған қатысы бар тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда.

P.S. Кейін анықталғандай, баланы қаладағы компаниялардың бірінде жасайтын екі Қытай азаматы құтқарған екен.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


10 наурыз 2017, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.