Атырау, 28 наурыз 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жалған дипломмен жұмыс істеген

3 226 просмотра

Құрманғазы аудандық прокуратурасы тексеру кезінде аудандағы төрт мұғалім мен екі тәрбиешінің жалған дипломмен жұмыс істеп жүргенін анықтады.

Мәселен, Алға ауылында тұратын 38 жастағы бастауыш сынып мұғалімі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 2014 жылы бітіргені туралы жалған диплом сатып алған. Кейін осы дипломмен ауылдағы мектепке жұмысқа орналасады.

- Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-ші тармағымен («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - дейді Құрманғазы ауданы прокуроры Ерлан ХИСМЕТУЛЛИН. - Ал қалған бес факті бойынша аталған баппен қылмыстық іс қозғалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 ақпан 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.