Атырау, 28 наурыз 16:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

1 979 просмотра

Доссор поселкесінде полиция күмәнді ВАЗ-21091 «Лада» көлігін тоқтатты. Көліктің 26 жастағы жүргізушісі мас болып шықты, оның үстіне ол өткен жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігінен айырылған екен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 23 қаңтарда Сәтпаев даңғылының бойындағы пәтерге кілт салып ашып кіріп, ол жерден ақша мен құжаттар салынған сейфті алып кетті деп күдіктелген 32 жастағы ер адамды ұстады. Ұрының мекенжайы бойынша полиция ақшаның бір бөлігі мен қолма-қол ақшаның бір бөлігіне сатып алынған зергерлік бұйымдарды тәркілеп алды. Тергеу жүргізілуде.

Атырауда 32 жастағы қалта ұрысы тергеу абақтысына қамалды. Оған 6 эпизод бойынша айып тағылып отыр. Мекенжай бойынша зардап шегушілердің ұялы телефондары мен құжаттары алынды. Тергеу жүргізілуде.

Полицияға 19 жастағы жігіт жүгінді: 13 ақпанға қараған түні «Алмагүл» қонақ үйінің жанына қойылған оның «Лада» ВАЗ-2114 көлігін Атырау тұрғыны - 20 жастағы қыз ұрлап айдап кеткен. Көлік кешікпей табылды, алайда, жігіт арызын қайта алудан бас тартты. ҚР ҚК-нің 200-бабы («Айдап кету») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлікті айдап кеткен қыз басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Ақпанның 9-ына қараған түні Баймұханов көшесінің бойындағы түнгі клубтың кассасы тоналды. Атыраудың 18 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. 

Жылыой ауданының полициясы үй ауласында тұрған «Лада-Ларгус» дөңгелегін ұрлаған Құлсары қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады

Махамбет полицейлері 10 ақпанға қараған түні тұрғын үйдің сарайынан қармақтар салынған жәшіктерді ұрлады деп күдіктелген 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

16 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.