Атырау, 26 сәуір 12:19
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Дүкеншіні алдап, саудадан түскен ақшаны алып кеткен

3 018 просмотра

Мақат аудандық соты 27 жастағы сотталушыға ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы («Алаяқтық») бойынша үкім шығарды.   

Оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Атырау қаласының тұрғыны белгілі бір уақыт бір ЖШС-ге қарасты дүкендерден саудадан түскен ақшаны жинаушы болып жұмысқа тұрады. Аудандарға да шығып тұратын. Бірақ, кейін ол өз еркімен жұмыстан шығып кетеді. Ал үш күннен соң Мақат поселкесіне барып, алдау жолымен саудадан түскен 1 млн теңгені қалтасына басып, тайып отырған. Дүкеншілер ол жігіттің сол кезде ЖШС-інен жұмыстан шығып кеткенін білмеген.

Ол екі жыл іздеуде болған, бірақ, полиция оны ақыры ұстады.   

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Мақсат ШАРИПОВ хабарлағандай, келтірілген залалдың орнын толтырып және қос тараптың татуласуына орай, сот оған шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 ақпан 2017, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.