Атырау, 29 наурыз 18:48
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өліммен ойнауға болмайды

4 538 просмотра
Фото: Instagram

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өлімге итермелейтін қауіпті ойындар пайда болғалы бері елден маза қашты. Сондай ойындардың бірі туралы интернет пайдаланушы инстаграммда былай деп жазады: «Бұл суицидшілерге арналған. 50 күннің ішінде әр түрлі тапсырмаларды (жайсыз) орындайсың, сосын соңында өзіңді өлтіресің. Жеңіске жету деген осы. Егер жеңбей жатсаң, саған көмектеседі».

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, алаңдап отырған кейбір ата-аналар интернеттегі қауіпті ойын туралы естіп, мектеп әкімшіліктеріне балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтініш түсірген. Қазір мектептерде осындай жұмыстар жүріп жатыр. 

Қауіпті ойынның ықпалына түсу туралы бір фактіні облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ біздің ресми сауалымызға келген жауабында растап отыр: «Осы ойынның ықпалына түскен Махамбет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғынына (жасы көрсетілмеген) бүгінгі күні психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде».

С.Шалабаевтың айтуынша, 2016 жылы прокуратура органдары әлеуметтік желідегі кәмелеттік жасқа толмағандарды суицидке итермелейтін әр түрлі 28 топты жапқан. 

Айнур САПАРОВА 

14 ақпан 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.