Атырау, 29 наурыз 17:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Балабақша алдында көлік өртеніп кетті

Сурет Бейнежазба
3 923 просмотра


Бүгін таңертең «Мирас» балабақшасының (Нұрсая) көлік тұрағында көлік өртенді.

Сағат 8.40-та Атырау облыстық  ТЖД-не Тойота Прадо көлігінің өртеніп жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру бригадасы жетті. ТЖД мәліметтері бойынша сағат 09.22-де өрт сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бағына қарай, көлік иесі баласын алып балабақша ғимаратына кіріп кеткен кезде тұтанған. Ол балабақшадан шыққан кезде көлік жалынға ораныпты. Әзірге неліктен қымбат тұратын жапон көлігінің тұтанып, сіріңке секілді түгі қалмай өртеніп кеткендігі туралы ешқандай болжамдар айтылып жатқан жоқ. Көлік ескі емес, 2012 жылы шығарылған. Зиян сомасы мен себептерін тергеушілер анықтауда.


Зульфия Байнекеева

Суретті және бейнежазбаны куәгерлер жолдады

9 ақпан 2017, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.