Атырау, 26 сәуір 23:21
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ауылдағы педофилге үкім кесілді

3 521 просмотра

Исатай аудандық соты ҚР ҚК-ның 124-бабы 1-тармағымен («Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау») үкім шығарды.

Оқиға өткен жылдың жазында Исатай ауданындағы ауылдардың бірінде орын алған. 20 жастағы жергілікті тұрғын аулада ойнап жүрген балаларға жақындап келіп, 8 жасар қыз баланы сол ауладағы қораның ішіне алдап алып кетіп, азғындық әркеттер жасаған.  

- Сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - дейді Исатай ауданының прокуроры Мақсат ЕРМЕКОВ.  

Үкім заңды күшіне енді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 наурыз 2017, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.