Атырау, 19 сәуір 06:18
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қызыл шамнан өтіп кетіп, полицей көлігімен соқтығысты

Сурет
3 836 просмотра
Фото: Facebook

12 наурызда Атырауда Жұмыскер-Балықшы көпірінің түбіндегі қиылыста полицияның жол-патрульдік қызмет көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ былай деп хабарлады: «2017 жылдың 12 наурызында Жұмыскер ықшамауданында сағат 8-ден 10 минут кеткенде “ВАЗ-21723” (Приора) маркалы автокөлік реттелетін қиылыста бағдаршамның тыйым салатын шамынан өтіп кетіп, полицей автопатрулінің “Фольксваген Поло” маркалы қызметтік көлігіне соқтығысқан. Апаттан кейін «ВАЗ» көлігінің үш жолаушысы алғашқы медициналық көмек алған соң ауруханаға жатудан бас тартып, үйлеріне жіберілді. “ВАЗ-21723” жүргізушісіне – Атырау қаласының тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жүргізуші бұдан бұрын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Фото: Facebook
Патрульдік «Фольксваген Поло» полицей көлігі жол-көлік оқиғасы кезінде бекітілген маршрутта жол қозғалысына қадағалау жасап тұрған. «ВАЗ-21723» көлігімен соқтығысқан сәт қызметтік автокөліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған, бейнежазбасы бар».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 наурыз 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.