Атырау, 2 мамыр 09:10
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиға

Енесіне қол көтерген келінге кешірім берді Оқиға

Енесіне қол көтерген келінге кешірім берді

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-тармағымен («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») айыпталған Таңдай ауылында тұратын 44 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істі қарады. 20 қаңтар 2017, 10:55 2 819 просмотра
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 461 просмотра
​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған Оқиға

​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған

Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға қылмыстық топ құруды ұйымдастырды, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстады, адамдарды қорқытып, бас бостандығынан заңсыз айырды деген айыптар тағылды. Жауапкершілікке тартылушылардың бірі әйел адам. 14 қаңтар 2017, 13:56 3 635 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. 12 қаңтар 2017, 00:00 2 629 просмотра
​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды? Оқиға

​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды?

9 қаңтарда арнайы комиссия Индер ауданындағы 32 жастағы босанушы әйелдің өлу себебін анықтау жұмыстарын бастады. Туыстары облыстық перинаталдық орталықтың медиктерін оны қабылдамады, содан кейін қалалық перзентханаға апарған соң сол жерде оның жатыры жыртылып, көз жұмды деп айыптайды. 11 қаңтар 2017, 12:01 9 346 просмотра
​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда Оқиға

​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда

9 қаңтарда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы басшылық еткен арнайы комиссия Индер ауданына барып, 32 жастағы босанушы әйел мен оның сәбиінің өлу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. 10 қаңтар 2017, 10:59 4 086 просмотра
Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара Оқиға

Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына қатысты пара бергені үшін үкім шығарды. Бұл Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ ісімен байланысты, оған бұрынырақ пара алғаны үшін 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын («Рзағұловаға айыппұл жазасын берді»). 9 қаңтар 2017, 11:19 3 360 просмотра
​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды Оқиға

​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды

Бүгін, 5 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ тағдыры туралы сауалымызға жауап келді. Естеріңізге салсақ, «Қазақавтожол» облыстық филиалдарының барлық басшылары ҚР Есеп комитетінің екі аудиторы үшін пара жинады деген Ұлттық бюроның баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейін «АЖ» оны жұмыстан таба алмаған еді. 5 қаңтар 2017, 21:08 3 007 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Желтоқсанның 24-іне қараған түні Өркен ықшамауданында жол полицейлері шамдары жағулы келе жатқан «Лада» көлігін ұстады. 37 жастағы жүргізуші ішімдіктен масайған күйде екен. Ол 2014 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. 29 желтоқсан 2016, 00:00 2 533 просмотра
«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты Оқиға

«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты

Бүгін, 28 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Дәуренбек ДАУМОВ Атырау қалалық ІІБ-нің тоғыз полицейіне қатысты атышулы істің қалған 4 фигурантына шығарылған үкімді оқыды. Естеріңізге салсақ, қалған 5 сотталушыға шығарылған үкім кеше, 27 желтоқсанда жария етілген болатын. 28 желтоқсан 2016, 19:13 3 514 просмотра