Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды

3 014 просмотра

Image 0

Бүгін, 5 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ тағдыры туралы сауалымызға жауап келді. Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын «Қазақавтожол» облыстық филиалдарының барлық басшылары ҚР Есеп комитетінің екі аудиторы үшін пара жинады деген Ұлттық бюроның баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейін «АЖ» оны жұмыс орнынан таба алмаған еді.

«2016 жылдың 15 желтоқсанында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне Есеп комитетінің лауазымды тұлғаларының «Қазақавтожол» РМК қызметкерлерінен аталмыш кәсіпорын мен оның филиалдарының қызметіне тексеру жүргізу кезінде олардың мүддесіне ықпал жасау үшін пара алу фактісі бойынша материал тіркелді, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаментінің аға тергеушісі Болат РАХИМЖАНОВ. – Осы қылмыстық іс бойынша 23 желтоқсанда Молдашев С. ҚР ҚК-тің 367-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшалары («Ірі мөлшерде адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруі») бойынша кінәлі деп танылды. 26 желтоқсанда күдікті С.Молдашевқа қатысты кепілдік түрінде бұлтартпау шарасы белгіленді».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2017, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.