Атырау, 29 наурыз 19:11
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда «Ислам мемлекетінің» екі насихаттаушысы сотталды

2 796 просмотра

Халықаралық террористік «ДАИШ» («Ислам мемлекеті») ұйымы үшін адамдарды тартуға әрекеттенген Атыраудың екі тұрғыны сотталды.

45 жастағы Әбдірашид ИДРИСОВ пен Руслан ТЕМІРБОЛАТОВ ҰҚК-нің көз қырына іліккен кезде өз төңірегіндегі екі адамды жиһад жолына тартуға тырысқан еді.

Сот анықтағандай, Идрисов 2007 жылы Темірболатовты өзінің радикалды құндылықтарына тартқан. Ал өткен жылы олар «кәпірлерге қарсы қасиетті соғысқа» адамдарды бірге шақыруды ұйғарады.

Қылмыстық іс материалдарында олар құрал ретінде Сирия мен Ирактағы тыйым салынған халықаралық «ДАИШ» террористік ұйымы мүшелерінің және Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказдағы заңсыз қарулы жасақтарының әскери іс-қимылдары туралы бейнероликтерді, діни уағыздарды пайдаланған деп расталады. Олардың кейіпкерлері ресми дін басыларын сынға алып, қарулы жиһадқа және кез келген басқа діни конфессия өкілдеріне төзбеуге шақырады.

Іс екі адамның куәлігімен құрылған. Олардың бірі, оны «Икс» деп айталық, 2015 жылдың қаңтарында Темірболатовтан қарыз сұраған. Қылмыстық істен үзінді: «Икстің жабырқаған моралдық-психологиялық жағдайын бағалаған Темірболатов халықаралық террористік «ДАИШ» ұйымына (Ислам мемлекеті) тартып бейімдеуге бағытталған қылмыстық мақсатта психикалық әсер ете отырып, жақсы материалдық сый беріледі деп дәлелдеп, оған ДАИШ құрамына кіруді ұсынған...». Құрбандық қармаққа түскендей болып, ДАИШ құрамына кіруге әзір екенін білдіреді. Бірақ, өзін елітуші РФ-дағы басқа еріктілер тобының құрамына барып, Дағыстаннан екі айлық әскери дайындықтан өту керектігін, содан кейін әскери іс-қимылдарға қатысу үшін Сирияға бару керектігін айтқан кезде, Икс есін жинап, бас тартады.

Егжей-тегжейіне сүйенсек, идеялық уағыздаушылар төзімді және табанды қасиеттерге ие. Икс Темірболатовтың ықпал ету шеңберінен шыға қоймайды. Алайда, әлгі ынталандыру тәсілін өзгертеді. Ол догмалар, дағуат секілді діни риторикаға жүгінеді, насихаттаушы арнайы аудиожазбалармен қамтамасыз етеді... Жалпы, сенімін нығайту үшін ол отбасымен байланысуды доғаруды, кейінірек хижра жасауға – кәпірлермен және «мұртадтармен» (діннен шыққандар) араласпау үшін байырғы мұсылман елдеріне қоныстануға кеңес береді. Сенімін нығайту үшін Темірболатов Иксқа аудиожазбаларды үйіп тастайды. Алайда, ықтимал шахид (шейіт болу) барлығын тыңдап алып, қылмыстық құрамы бар дәрістер екеніне көз жеткізген соң дін үшін өзін құрбандыққа шалудан бас тартып, Атырау облыстық ҰҚКД-не ұсынылған жазбалар жазылған телефонды апарып береді. Әрі қарай оның Темірболатовпен және Идрисовпен кездесуі ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің тыңдауымен өтеді. Осы уақытта Атыраудың тағы бір тұрғыны осы жұптың ықпалына ұшырайды.

Сотталушының екеуі де сотта өз кінәларын мойындап, өкініш білдірді. Осы және екеуінің де қартайған аналары мен кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, №2 Атырау қалалық соты ҚР ҚК-нің 256-бабының («Терроризмді насихаттау») және 259-бабының («Террористiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру қаруландыру») негізінде сотталушының екеуін де алты жарым жылға жалпы режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

23 қаңтар 2017, 20:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.