Атырау, 17 мамыр 10:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Shell тауар белгісін заңсыз иеленген

2 258 просмотра

№2 қалалық соты контрафактілік машина майын өндіретін астыртын цехтың қожайынын кінәлі деп таныды. Бірақ рақымшылыққа байланысты қылмыстық істі тоқтатты.

Өткен жылдың 1 қарашасында Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері азамат А-ны ұстады. Ол ЖШС директоры бола тұрып, Атыраудан Shell логотипімен контрафактілі май дайындайтын 2 астыртын цехты жабдықтаған. Механизм қарапайым болатын: Shell логотипі бар 200 литрлік бөшкелерге арзан машина майы құйылған. «Кәсіпкерден» осындай 15 бөшке тәркіленіп алынды. Ұстау кезінде оның жалпы сомасы 169 млн теңгеге 19 заңды тұлғаға өз тауарын өткізіп үлгергені анықталды.

Экономикалық тергеу қызметі ҚР ҚК-нің 222-бабының 1-тармағы («Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді.

Сот қаулысымен азамат А. кінәлі деп танылды, бірақ 2016 жылдың 26 желтоқсанында рақымшылыққа байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қаңтар 2017, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.