Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 542 просмотра

Желтоқсанның 24-іне қараған түні Өркен ықшамауданында жол полицейлері шамдары жағулы келе жатқан «Лада» көлігін ұстады. 37 жастағы жүргізуші ішімдіктен масайған күйде екен. Ол 2014 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері Контейнерный көшесіндегі қоймадан 36 шаршы метр мырышталған қаңылтырды ұрлады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

Атырау қалалық ІІБ қызметкерлері Атыраудың 19 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Құттыбай батыр, Владимирский, Аманшин және Баймұханов көшелерінде тұрған көліктерден жүргізушілердің жеке заттарын ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу абақтысына қамалды.

Жедел топ қызметкерлері 2016 жылдың шілдесінде ұялы телефондар ұрлады деген күдікпен 25 жастағы ер адамды ұстады. Ұры бірінші жағдайда кафеден, екіншісінде - жағажайдан ұялы телефон ұрлаған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Полиция Бірлік поселкесіндегі үй ауласында тұрған КамАЗ көлігінен екі аккумулятор ұрлады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

Полицейлер Исатай ауданындағы Зинеден ауылында ауылдасының үш қойын ұрлады деген күдікпен 45 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Көлік полициясы Атырау қаласы станциясында теміржол тармақтарынан детальдар ұрлады деген күдікпен Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының үш тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

Атыраудың 43 жастағы тұрғыны 17 желтоқсанда Афанасьев көшесіндегі кафеден әйел сөмкесін ұрлады деген күдікпен ұсталды. 3 мың теңге ұрлаушының олжасына айналды. Тергеу жүргізілуде.

Береке ықшамауданының құрылыс алаңында 25 жастағы жігіт теміржол вокзалының сыртында салынып жатқан үйдің 4-қабатынан құлап түсіп, алынған зақым салдарынан көз жұмды. Тергеу жүргізілуде.
29 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.