Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Криминалды дуэт

2 213 просмотра

Атырауда ІІД криминалдық полиция қызметкерлері пәтерге ұрлыққа түсуді кәсіп қылған жергілікті екі тұрғынды ұстады.

Қылмыскерлер өткен жылдың қарашасынан бастап ұсталғанға дейін ұрлық жасап келіпті. Олар даярлықсыз әрекет еткен: қожайындардың үйде жоқ болатын кезін аңдып, кілттерді іріктеп салып, үйлерге кірген. Зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық және оргтехникаларды – ноутбуктен бастап тоңазытқышқа дейін қолды қылған (заттай айғақтар ұсталғаннан кейін тәркіленіп алынды).

Ұсталушылардың бірі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Екіншісі басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оларға 8 ұрлық пен 2 алаяқтық әрекеттері бойынша айып тағылып отыр.

Марат ТАКУЛИН

13 қаңтар 2017, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.