Атырау, 19 сәуір 03:42
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

3 458 просмотра

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде.

Полицияға 39 жастағы әйел хабарласты: өткен жылдың желтоқсанында ол интернет арқылы Астананың 30 жастағы тұрғынымын деп танысқан ер адаммен хат жазысқан. Ол адам өзінен жеңілдік бағамен Жаңа жылға фирмалық көйлек сатып алуды ұсынады. Ал 128 500 теңге төлемді Киви-әмиянға салып жіберуін өтінеді. Әйел келісім бойынша өз міндетін орындайды, ал ер адам ғайып болады. ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаңтардың 17-сіне қараған түні Азаттық даңғылында полицейлер тыныштықты бұзған екі әйел мен екі ер адамды ұстауды ұйғарады. Олар қарсылық білдіріп, полицейлердің бірінің жилетін жыртып тастайды. Төртеуі де ұсталып, ҚР ҚК-нің 379-бабы («Билік өкіліне бағынбау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияға Алмагүл ықшамауданының 33 жастағы тұрғыны шағымданды: 15 қаңтарда оның үйінде түнеген туысы пәтерден 336 мың теңге ұрлаған. 25 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

Құрманғазы АІІБ ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық істі тергеуде: 16 қаңтарға қараған түні 31 жастағы Ганюшкин тұрғыны РТС ауылындағы азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушының қолынан бір бөтелке сыраны тартып алып, қашып кеткен. Бірақ, көп кешікпей полиция оны қолға түсірді.

Қаңтардың 15-іне қараған түні Атырау-Астрахан трассасында полиция мұнай өнімдері тиелген КамАЗ көлігін ұстады. Оның 42 жастағы Ресей жүргізушісінде жөнелтпе құжаттар болмаған. Тергеу жүргізілуде.

Пушкин көшесінің бойындағы жекежайдың аумағына 30 және 28 жастағы екі қаскөй кіріп, ұрлық жасау мақсатында аулада тұрған «Инфинити» көлігінің әйнегін сындырған. Бір нәрседен қорыққан олар оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ, сол ауданды торуылдап жүрген «Батыс» полицей экипажы оларды із суытпай ұстады. Тергеу жүргізілуде.

19 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.