Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ақша үшін қарияны балтамен шауып өлтірді

2 590 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жалғызбасты зейнеткерді өлтірді деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу жорамалы бойынша, зейнеткер К.С-нің жалғыз өзі тұратынын және жинағы бар екенін білетін Аққыстау ауылының тұрғыны М.А. 2016 жылы жазғы кештердің бірінде қожайын жоқ кезде оның пәтеріне басып кіріп, 334 720 теңгені ұрлап алады.

Зейнеткер ұрлықты сотталушы М.А-ның ағасы болып келетін көршісі жасады деп күдіктенеді. Бір күні қария көршісін подъезде жолықтырып, одан ұрланған ақшасын қайтаруды талап етеді. Қатты шыққан әңгімелерді естіген М.А. қолына балта алып, ағасының пәтерінен жүгіріп шығады да, зейнеткерді мойнынан ұрып жібереді. Қария сол жерде көз жұмады. Осыдан кейін ол мүрдені марқұмның пәтеріне сүйреп апарады. Бірақ біраз уақыттан кейін ол жерге қайта барып, мүрдені кілемге орап, көшедегі кәріз құдығына лақтырып тастайды. Сот М.А.-ны ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-тармағының 3-тармақшасы («Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен ұрлық жасау») және 99-бабының 2-тармағының 10-тармақшасы («Басқа қылмысты жасыру мақсатымен адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, ерекше режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Мұрат СҰУЛТАНҒАЛИЕВ
5 қаңтар 2017, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.