Атырау, 17 мамыр 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Арамза қонақ арсыздыққа барды

3 332 просмотра

Индер аудандық соты сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды.

Оқиға өткен жылдың қараша айында Индер ауданына қарасты ауылдардың бірінде орын алған. Қыз туысының үйіне кештетіп қонаққа барады. Сол кеште қонақтардың арасында осы ауылда тұратын С.есімді 22 жастағы жігіт те болады. Түнде қонақтар тарай бастағанда жігіт қыздың жалғыз кетіп бара жатқанын біліп, оның артынан қуып жетіп дүкеннің артқы жағына сүйрелейді. Мойнынан қысып, үй тасасына күштеп апарып, ұрып-соғады. Кейін сот материалдарында көрсетілгендей, «жәбірленушіге сексуалдық сипаттағы әркеттер жасауға дейін барады».

Индер ауданының прокуроры Алтынбек ЖҰМАБЕКОВ хабарлағандай, сотталушы ҚР ҚК-нің 121-бабы 1-тармағымен («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қаңтар 2017, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.