Атырау, 24 сәуір 01:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Майор біреудің КамАЗ-ын сатып жіберген

2 270 просмотра

Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-тармағымен («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») айыпталған жергілікті ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық істі қарады.

Айыптау тарапының жорамалына сәйкес, өткен жылдың күзінде полиция майоры Котяев ауылының тұсында ақауына байланысты тұрып қалған Тәжікстан Республикасы азаматының меншігіндегі «КамАЗ» автокөлігінің тұрғанын және оның иесінің республика аумағында жоқ екенін білген. Осыдан соң ол автокөлікті жөндеп, аудандық ІІБ-іне айдап әкелуді бұйырады. Кейін оны өзінің танысына 600 000 теңгеге сатып жібереді.

Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, оған мемлекеттік қызмет саласындағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 млн 242 мың теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде оның өз кінәсін мойындап, келтірілген залалдың орнын өз еркімен толтыруы және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 қаңтар 2017, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.