Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 639 просмотра

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді.

Әуезов көшесінде 7 қаңтарда кешкісін «Нисан» көлігі 45 жастағы әйел адамды қағып кетті. Түрлі ауырлықтағы зақыммен ол облыстық ауруханаға жатқызылды. 24 жастағы «Ниссан» жүргізушісі ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жүргізілуде.

Рождество мерекесінде Авангардтағы оргтехника дүкені тоналды. Қаскөйлер есікті бұзып, ішке кірген. Ноутбук пен басқа оргтехникалар ұрылардың олжасына айналған. Зиян мөлшері анықталуда.

Полицияға 77 жастағы зейнеткер 16 жыл бұрын (2000 жылы) 1974 жылғы әйелдің одан үй алып беруге уәде беріп, 3 млн теңге алғанын мәлімдеді. Әйел сөзінде тұрмаған, әлі күнге дейін ақшасын да қайтармаған. Тергеу жүргізілуде.

Мақат ауданының тұрғыны өткен жылдың сәуірінде Атыраудың 33 жастағы тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, 2 млн теңгесін алып, қайтармай отырғанын полицияға мәлімдеді. Тергеу жүргізілуде.

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласындағы супермаркеттердің бірінің 25 жастағы сатушысы шағымданды. Оның айтуынша, 8 қаңтарда сағат 20-да белгісіз ер мен әйел адам дүкеннен 12 мың теңгелік азық-түлік ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Құлсарының 31 жастағы тұрғыны мен оның 28 жастағы құрбысы ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

Криминалдық полиция Атыраудағы кафелердің бірінде 25 жастағы әйелді ұрып-соқты деп күдіктелген 26 жастағы Балықшы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.
12 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.