Атырау, 23 сәуір 11:42
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Күзетшінің өлімі бейнежазбаға түсіп қалған

Бейнежазба
2 684 просмотра
Бейнежазбаның скриншоты

Көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған кісі өліміне күдікті қамауға алынды.

Біз 6 ақпан күнгі таңдағы қала кафелерінің біріндегі қылмыс туралы хабарлаған болатынбыз. Кісі өлімі бейне бақылау камерасына жазылып қалған: онда екі жас жігіттің бір адамға жабылып теуіп жатқаны және олардың біреуінің пышақ сұғып, артынша қаша жөнелгендері, ал соққыға жығылған адамның қар үстінде қалғаны көрініп тұр. Қаза болған адамның жасы 23-те, ал күдіктілер – 22 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғындары.

Бүгіні күні бұған қатысты кейбір мәселелер анықталып қалды. Тергеу болжамы бойынша, кафеде таңды атырған екеу, шығып бара жатып қоқыс салатын жәшікті сындырған. Кафе әкімшілігі мен күзетші келтірілген залалды өтеуді талап еткен, ал олар одан бас тартады. Жанжалдың нәтижесінде пышақтан болған соққыдан күзетші көз жұмады. 


Күдіктілер сол күні-ақ қолға түсіп, ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағымен («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, тергеуге алынғандырдың біріне ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша да айып тағылуда.

Облыстық соттың, №2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерді екі ай мерзімге қамауға санкция берілді, олар тергеу изоляторына  орналастырылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 ақпан 2017, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.