Атырау, 26 желтоқсан 03:24
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Бітпеген жол, батпақ кешу Атырауда

Бітпеген жол, батпақ кешу

Зарослый және Көкарна ауылы бағытында орналасқан қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары үшін таңғы жұма ауыр болды. Бұлт торлаған аспан нөсерлетіп, асфальтталмаған айналма жолды тайғақ батпаққа айналдырды. Көпшілігі жұмысқа, сабаққа кешігіп жетті, жол-көлік апаттары болып, автобус жүргізушілері бұл бағытта жүруден бас тартты. Сурет 29 қазан 2022, 16:53 1 274 рет қаралды
"Егін жинау науқанын 1 қарашада толық аяқтаймыз" Атырауда

"Егін жинау науқанын 1 қарашада толық аяқтаймыз"

Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша 10 мың гектар жерден 92 мың тоннадан астам көкөніс, 42 мың тоннадан астам бақша өнімі және 28 мың тоннаға жуық картоп жиналып, 19 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат РҮСТЕМОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 28 қазан 2022, 17:30 1 140 рет қаралды
Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті» Қоғам

Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті»

Соңғы кездері бет-жүзін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді Атыраудың көшелерінен жиі кездестіреміз. Бұл көпшілікке ұнайды деп айта алмаймын. Неліктен қазір қазақтың халықтық дәстүріне қайшы келетін осы бағытқа бет бұрған әйелдер (негізінен өте жас қыздар) мен қысқа балақты шалбар киген сақалдылар көп екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты. Сурет 28 қазан 2022, 12:35 5 282 рет қаралды
Махамбет ауданында күзгі өнім жинау жұмысы қызу жүріп жатыр Атырауда

Махамбет ауданында күзгі өнім жинау жұмысы қызу жүріп жатыр

Махамбет ауданы бойынша 2074 гектарға түрлі бау-бақша дақылдары, көкөністер егілген. Бүгінде күзгі жиын-терін жұмысы қызу жүріп жатыр, қазір 63179 тонна өнім алынды. Бұл жұмысты қарашаның 5-не дейін аяқтау жоспарланып отыр.  Сурет 28 қазан 2022, 11:02 1 870 рет қаралды
"Ойланбастан, бірден құтқаруға кірістім" Атырауда

"Ойланбастан, бірден құтқаруға кірістім"

Сарытоғай ауылының тұрғындары Төребек ҚҰМАРОВ пен Ардақ ОЖЫРАЕВ жертөледе сырдың иісіне уланып қалған бір отбасының үш адамын ажалдан аман алып қалды. Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, батылдық танытқан қос азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 28 қазан 2022, 10:39 1 448 рет қаралды