Құрманғазы ауылының тұрғындары ауыз судан бөтен иіс шығып тұрғаны жөнінде дабыл қаққан болатын. Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше суды қайнатса да дәм кетпей тұрған көрінеді.
"ҚұрманғазыСуАрнасы" ЖШС директоры Ерлан АМАНЖАНҰЛЫ былайша түсінік берді:
- Бұл балшықтың иісі. Өздеріңіз білесіздер, Шарон өзенін түптереңдету жұмысы жүріп жатыр. Сол себептен су лайланып, резервуарлардың түбіне балшық болып жиналып қалған. Проблеманы жою үшін суды аз тұтыну кезінде екі резервуар кезектесіп балшықтан тазартылып, бөтен иіс жойылды. Жалпы тазарту жұмыстары жүйелі жүріп тұрады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА