Атырау, 5 желтоқсан 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Еуроодақ Орталық Азияға ықпал ету үшін Ресеймен күреспекші

542 рет қаралды
Сурет: Liesa Johannssen/photothek/picture alliance

Еуропарламент ЕО-ның Орталық Азия елдеріне қатысты стратегиясын қайта қарау туралы қарарды қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аймақтағы геосаяси жағдай өзгеруде және ЕО бұл мүмкіндіктерді пайдаланғаны дұрыс болар еді», - деп түсіндірді ЕО стратегиясы бойынша баяндаманың авторы, неміс парламентінің депутаты Карстен Люке DW-ге.

Оның пайымдауынша, Украинаға қарсы соғыс салдарынан Ресейдің оқшаулануы, болашақта Шығыс Еуропадағы ЕО-ның кеңеюі және Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалының күшеюі ондағы орныққан автократиялық ойыншыларға балама ретінде ЕО-ның аймақта белсенді қатысуын талап етеді.

Еуропарламент депутаттары Орталық Азия елдерімен экономикалық және саяси ынтымақтастықты нығайту Ресейдің аймақтағы ықпалына қарсы тұруға көмектеседі деп санайды.

Сондай-ақ, олардың пікірінше, бұл Ресей мен Беларусьқа қарсы салынған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді.

Стратегияны қайта қарауды 543 парламентарий қолдап, 42-сі қарсы, 44-і қалыс қалды.

18 қаңтар 2024, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.