Өткен жылы Атырау облысында 78 адам жат ағымнан бас тартты.
Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа жиынында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ айтты.
Бас имамның айтуынша, Атырауда имамдар діни оңалту бағытында жыл басынан бері 1252 кездесу өткізген.
- Топтық, жеке кездесу форматындағы іс-шаралар 1195 астам адамды қамтыды. Оның ішінде, имамдар түзету мекемелерінде 327 кездесу өткізген. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 78 адам жат ағымнан бас тартты, - деді бас имам.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ