Атырау облысында «Волгоград-Ташкент» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жол бойында жүрген бес түйені басып кетті.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 13 қаңтар күні Құлсары станциясы маңында болған. Машинист апаттық тежеу тетігін басып, жануарларды қағып кетпеуге тырысқан, бірақ үлгермепті.
«Шұғыл тежеу және жануарлармен соқтығыстың салдарынан пойыздар ұзақ тұрып қалады. Локомотивтер зақымданып, шығынға ұшырайды. Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын ескеріп, теміржол маңында мал жаюда сақ болуды ескертеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, түйе иесі тиісті емес жерде мал жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет көліктегі полиция департаментінен алынды