Атырау, 25 қыркүйек 16:22
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​БҚО-да аудандық жер қатыныстар бөлімінің бастығы сотталды

654 просмотра

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасымен жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден (Орал қаласы) ірі көлемдегі жалпы аумағы 40,0 гектар (400 000 шаршы.м – 4 000 соттық жер) жер телімдері «бағбандық және саяжай құрылысына» берілгені анықталған.

Сонымен қатар мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз  төмендетілгені және 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған.

Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн. теңгегені құрайды, осының салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген.

Осының негізінде, прокурорлық тексеру материалы СДТБТ-не тіркеліп, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық істің тергеуі Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорларына тапсырылды.

Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Мемлекетке келтірілген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

18 қаңтар, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.