Атырау, 25 қыркүйек 16:21
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

CDIF​ компаниясы қазақстандық екі​ компаниямен инвестициялық келісім жасасты​

756 просмотра

“Chevron Direct Investment Fund” Жеке компаниясы (CDIF) екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасқаны туралы хабарлайды.

Ауқымды жұмыс жүргізгеннен кейін, 2023 жылы CDIF бизнеске арналған қызметтер маркетплейсі “Top Cleaning Kazakhstan” ЖШС (top.kz) компаниясына және “Orhun Med Limited” – Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жылдам дамып келе жатқан компаниясына 41 миллион долларға дейін инвестиция салды. Екі компания да CDIF ұсынған инвестицияға бизнестерін кеңейтуді, жұмыс орындарын ашуды және Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді жоспарлап отыр.

Екі кәсіпорын да сенімді бизнес тәжірибелерін, соның ішінде Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді. Сонымен қатар олар CDIF-тің барлық таңдау критерийлеріне сәйкес келді.

CDIF компаниясының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға елеулі үлес қосу. Ол үшін цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, тауар өндіру және мұнай-газ саласына қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға жаңа инвестициялық мүмкіндікті қамтамасыз етіледі.


18 қаңтар, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.