Солтүстік Каспий теңізінде итбалық күшіктерінің өлім-жітімінің жоғарылау қаупі болуы мүмкін, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.
"Каспий итбалығының биологиясының ерекшелігі - тіршілік ету ортасының маусымдық өзгергіштігі. Бұл ретте, күшіктену (көбейю) үшін Каспий итбалықтарына тек солтүстік Каспийдің қазақстандық және ресейлік секторында қалыптасатын мұз жамылғысы қажет екенін атап өткен жөн. Айта кету керек, туылғаннан кейінгі алғашқы күндерде итбалықтардың тері астындағы майы жоқ, тек шаштары бар, сондықтан суық суға түскен күшіктер суда ұзақ уақыт бола алмайды, жүні суланып, олар өледі. Сонымен қатар, күшіктер емшек сүтімен емізудің барлық кезеңінде (3-4 апта) мұзда болады. Сондықтан Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мұздың пайда болуы итбалықтың көбеюі мен сақталуында ерекше маңызды рөлін атқарады.
2020 жылдан бастап ресейлік ғалымдармен бірлесіп Каспий итбалығы популяциясының жай-күйіне мониторингтік зерттеулер, оның ішінде метеодеректер мен спутниктік суреттер бойынша мұз өрісінің жай-күйін зерттеуге мониторингтік зерттеулер жүргізілуде.
Сонымен, мұз қату 2023 жылдың желтоқсан айының екінші онкүндігінен басталды. Бүгінгі таңда Солтүстік Каспий су айдынындағы мұз алаңының ауданы 67% - ға жетеді (2023 жылы - 98-ден 100% - ға дейін.). Мұз қабатының қалыңдығының қалыптасуы біркелкі емес: солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктердің қалыңдығы 10-15 см-ге дейін, ал пайда болған жиектерде мұз өзгермелі және 5-10 см-ге жетеді.
2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 13 қаңтарға дейін Маңғыстау облысындағы ауа температурасы минус 3-тен плюс 10 С0-қа дейін өзгерді. 2022-2023 жылдардағы ұқсас кезеңде қыс 0-ден минус 10-15 С0 дейінгі температурамен айтарлықтай суық болды.
Сонымен қатар, Қазгидрометтің мәліметінше, 2024 жылғы 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында плюс 11 С0 дейін жылы ауа райы күтілуде. Бұл жылыну мұз алаңын 20-40% дейін қысқартуы мүмкін.
Күшіктердің тууы қаңтардың 3-ші онкүндігінен бастап ақпанның аяғына дейін, жаппай күшіктенуі 10-25 ақпан аралығында болады. Сонымен қатар, мұз алаңының қалыңдығы 10-15 см. және оның тұрақтылығы жаңа туған итбалық күшіктерінің өлімін жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл жағдай ұрғашы түрлерінің босану нәтижесіне теріс әсер етеді (олар түсік жасайды).
Жалпы жағдай Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында және ғылыми ұйымдардың тұрақты бақылауында.