Атырау, 29 желтоқсан 11:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді Басқа жаңалықтар

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Нұрсая ықшамауданындағы сәтсіз аяқталған пәтер тонау туралы бейнежазба тарап кетті. Бастарын бүркеп алған екі қаскүнем есігін ашып, пәтеріне аяқ басқан әйелмен бірге кіріп, бірақ сол бойда пәтерден үй иесінің соққысынан кері шығады, ол аздай үй иесіне екі әйел қосылып ұрып жатыр. Кіреберіс алаңындағы шайқас тонаушылардың біреуінің қашуымен, ал кейін екінші қылмыскердің де құтылып кетуімен аяқталады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 13:49 3 499 рет қаралды
"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті Оқиға

"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті

3 ақпанда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мас күйінде автокөлік жүргізді деп айыпталған Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты іс қаралды. Бірақ бұл отырыстың жоспарланған жерде өткізілмеуіне «АЖ» тілшісі қатысқан қалалық полиция басқармасының (ҚПБ) ішіндегі шытырман оқиға себеп болды. Жергілікті соттың тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған шығар. Барлығын басынан бастайық. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 12:58 4 190 рет қаралды
Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді» Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді»

Әсет өзін әуесқой тауға өрмелеуші деп атайды. Ол Килиманджаро, Айленд пик, Хан-Тәңірі, Казбек, қысқы Эльбрус, Манаслу шыңдарын бағындырса,  қысқы Монблан, Мрамор Қабырғасы және Лхоцзе  сілемдеріне сапары сәтсіз аяқталды. Әсет жұмыстан қолы босаған сәтте Тұйық су шатқалында жаттығу жасайды және Алматыда Banff тау киносы халықаралық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Қазір ол Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Әсет Атыраудың тумасы, Драма театрдың маңында тұрды, №17 мектеп-лицейді аяқтады.  Мәскеуге оқуға түсті, кейін Норвегияға кетті. Міне сол жерде оның тауға деген қызығушылығы басталды. 4 ақпан 2020, 17:42 5 459 рет қаралды
Украинада қатерлі ісіктен жыл сайын 90 мың адам көз жұмады Әлемде

Украинада қатерлі ісіктен жыл сайын 90 мың адам көз жұмады

Украинада қатерлі ісіктен жыл сайын 90 мың адам көз жұмады екен. Мемлекет онконауқастар бойынша Еуропада екінші орында. Дерттің алын алу мен емдеу жолдарын жетілдурі үшін Киевте арнайы конференция өтті. 5 ақпан 2020, 12:55 1 771 рет қаралды
Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді Қазақстанда

Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді

5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді.Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды. 5 ақпан 2020, 12:32 2 772 рет қаралды
«Кінәлі табылды»: Шамалғандағы пойыз апаты үшін өткел кезекшісі сотталуы мүмкін Қазақстанда

«Кінәлі табылды»: Шамалғандағы пойыз апаты үшін өткел кезекшісі сотталуы мүмкін

Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа қатысты сот отырысы 5 айдан соң  басталды. Қаскелең қалалық сотында қаралатын шулы істе айыпты ретінде тек бір ғана адам қарастырылған, ол – сол күні кезекшілікте болған диспетчер Досбатыр Ахметжанов. Өмірінің жартысын темір жол өткелін күзетуге арнаған 60 жастағы Ахметжанов өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспейді. Сурет 5 ақпан 2020, 12:19 3 456 рет қаралды
Қазақстан коронавируспен күреске қомақты қаржы бөлді Қазақстанда

Қазақстан коронавируспен күреске қомақты қаржы бөлді

Үкімет резервінен Қытайдан тараған коронавируспен күреске 3,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 5 ақпан 2020, 12:12 2 267 рет қаралды
Еуроодақ Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жоспарын қолдамады Әлемде

Еуроодақ Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жоспарын қолдамады

Еуропа Одағы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жоспарын қолдамады. Одақ өкілдері қажет болса Израильдің Палестина жерін әрі қарай жаулап алу жоспарына қарсы дау айтатынын жеткізді. Президент Дональд Трамп Таяу Шығысқа байланысты жоспарынөткен аптада таныстырған. 5 ақпан 2020, 12:08 1 790 рет қаралды
Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды Қазақстанда

Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды

Қорғаныс министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы парамен ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 12:04 2 473 рет қаралды
Ухан коронавирусынан қайтыс болғандардың саны күрт артты Әлемде

Ухан коронавирусынан қайтыс болғандардың саны күрт артты

5 ақпандағы таңғы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 492-ге жетіп, ал 24 324 адам дерт жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тағы 892 науқастың ауруханадан шығарылғаны айтылады. Бұл туралы South China Morning Post газеті Қытайдың денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 11:59 2 471 рет қаралды
Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады Басқа жаңалықтар

Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады

Атырау облысының балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерін шетелге экспорттау үшін тауарларының шығу тегі жөнінде СТ-1 сертификаты қажет деген талапты жоюды сұрайды. Балық аулау саласының өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кезекті балық аулау маусымындағы өзекті мәселені талқылады. 5 ақпан 2020, 11:42 4 961 рет қаралды
Трамп АҚШ конгресінде мәлімдеме жасайды Әлемде

Трамп АҚШ конгресінде мәлімдеме жасайды

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 ақпанда кешке (Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 8:00) конгресте елдегі жағдай туралы мәлімдеме жасайды. Бір күннен кейін сенатта президентке импичмент жариялау ісі бойынша дауыс беру басталады. 5 ақпан 2020, 10:56 2 321 рет қаралды
«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз» Басқа жаңалықтар

«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз»

Бақсай каналының бойында отырған Исатай (15) мен Махамбет (2)  аудандарының 17 шаруа қожалығы көптеген жылдар бойы көлтөбандарға су шығарып, мал өрісін құнарландырып, әрі қажетті мал азығын өздері дайындап алуға тырысатын. Бұған дейін суды тұтыну төлемінің 25 пайызын шаруалар өз қалтасынан, ал 75 пайызын үкімет субсидия арқылы өтейтін. Бірақ өткен жылы үкімет субсидияға ақша бөлмей, қалған соманы шаруалар толық төлеуге мәжбүр болып отыр. 5 ақпан 2020, 10:49 3 374 рет қаралды
Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік" Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік"

Атырау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген мониторингі барысында 43 736 бағаны көтеру фактісін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында осындай 3 038 факті, білім басқармасы және оған қарасты ұйымдарда – 1 596, ішкі саясат басқармасында – 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында – 1 260, полиция департаментінде – 910. «АЖ» осы тізімдегі «көшбасшыға» назар аударды.  Қысқаша шолып өтейік.   5 ақпан 2020, 09:50 3 342 рет қаралды
Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 2 897 рет қаралды
ЕАЭО кеңістігінде ақша алып жүрудің жаңа ережесі іске қосылды Қазақстанда

ЕАЭО кеңістігінде ақша алып жүрудің жаңа ережесі іске қосылды

Бұл ереже ЕАЭО-ға барлық мүше елдерге қатысты қолданылады. Еуразиялық экономикалық комиссия 2019 жылдың тамыз айында ақша тасымалдаудың жаңа ережелері туралы шешім қабылдады. Енді 100 мың доллардан асатын ақшаны тек декларациялап қана қоймай, оның қайдан келгенін растайтын құжаттар болуы керек, деп хабарлайды zakon.kz. 4 ақпан 2020, 16:07 3 173 рет қаралды
​Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды Қазақстанда

​Қазақстанда бала үш жасқа толғанша жәрдемақы төлеу ұсынылды

Қазақстанда бала үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын айтты. Бейнежазба 4 ақпан 2020, 15:37 3 798 рет қаралды
Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті Қазақстанда

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті

Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  4 ақпан 2020, 15:24 2 069 рет қаралды
Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 690 рет қаралды