Атырау, 27 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді

2 620 просмотра


5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді.Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды.

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500,1000, 2000 мың теңгеден қосылған.

Өткен жылы 4 ақпанға қараған түні астана маңындағы Көктал-1 ықшамауданында көмірмен жылынатын жер үйден өрт шығып, бір отбасының бес қызы қаза болған. Қайғылы оқиға қазақстандықтардың мемлекеттік әлеуметтік саясатқа қатысты ашу-ызасын туғызды.

Оқи отырыңыз: "Қоғамды оятқан" қайғы. Бес қыздың қазасынан кейінгі бір жыл

Нұр-Сұлтан мен өңірлердегі көпбалалы аналар әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігін айтып, наразылыққа шықты. Кейінірек үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлерін көбейткен.

Ел астанасында болған қайғылы оқиғадан кейін тура бір жылдан соң,ұқсас жағдай Алматы түбіндегі ауылда қайталанды. Ақпанның 3-і күні Өстемір ауылында болған өрттен үш және төрт жастағы екі бала қаза тапты. Ата-анасы бұл кезде үйде болмаған: әкесі қалаға жұмыс іздеуге, ал анасы ұлы мен қызын сыртынан жауып, дүкенге кеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы


5 ақпан 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.